Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 21.01.2020

Саған деген махаббат
Махаббаттың алауын сезгендеймін мен енді,
Ғашықтықпа бұл шіркін көңіл көктем күйге енді.
Шын махаббат маған сені,маған сені сүй дейді,
Жүзің жылы,сыбдыр үнің көңілімді билейді.

Көргенімде өзіңді жүрек жылып салғаны,
Ботадай көз мөлдірің көңілімде жайнады.
Сансыз сұрақ жауапсыз көкіректі кернеді,
Лайықпынба мен оған деп жүректі жегені.

Соққанымда қоңырау арманым деп өзіңе,
Сендірдімбе білмеймін сүйем деген сөзіме
Уақыт келер,болар сенім,жырым келер алдыңа,
Айтып тұрмын мұның бәрін балап сені бағыма.

Ұсынамын қолымды,жүрегіммен жанымды,
Білсең егер,ұқсаң егер беріп тұрмын барымды.
Көлікте жоқ астымда,ізіде жоқ байлықтың,
Қарапайым баласы боламын мен қазақтың.

Махаббатты жырласам таңым таңға жалғасар,
Жүрегімнің дүрсілі осы өлеңмен ұласар.
Тоқсан ауыз сөздердің тобықтай бір түйіні,
Жан-тәніммен жүрегім бір өзіңді сүйеді.
 
Досхан Исламхан
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 666 | Рейтинг: 0.0/0