Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 21.01.2020

Сені іздеймін
Сені іздеймін өмірдің шыңдарынан
Төмен қарай қараймын құздарынан
Жүр екенсің сен қайда жарығымау
Айрылғандай жүрек бір сыңарынан

Сені іздеймін жер шарын аралаймын
Армандап көремін деп қиялдаймын
Сыңарым жолығарма бұл өмірде
Күн сайын жолдарыңды қарайлаймын

Сені іздеймін көк аспан аясынан
Шығама деп ақ бұлттар арасынан
Бұл көктенде таппадым сені жаным
Енді қайтем жүректің шарасынан

Сені іздеймін теңіздің түбіненде
Жылтыраған балықтай көрінерме
Көрсем шіркінсенің сұлу бір бейнеңді
Кеудемдегі бар сезім төгілерме

Сені іздеймін жаным мен қайдан іздейм
Көресің деп алдайды уақыт кейін
Жолықшы бір көрінші өмірімде
Сені іздеймін жаным мен мәңгі іздеймін...
 
Жұманұлы Равиль
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 678 | Рейтинг: 0.0/0