Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 12.11.2019

Ей, өмірім, зымыра - құралайым
Ей, өмірім, зымыра - құралайым. 
Жанымды түсіне алмас бір ағайын. 
Менің мына мінезім құбылмалы. 
Ұнамасам, қайтейін, ұнамайын! 

Ей, өмірім, тым жүйрік - құлагерім, 
Тағатымды талқылап, сына менің. 
Мына менің көңілім тым кірпияз, 
Құтты мекен еткелі жыр әлемін! 

Ей, өмірім - өресі, өрісі кең, 
Көңілімнің күйі жоқ, өңі сүрең. 
Неңді аяйсың, несіне тарыласың? 
Жыр елінің жас ақын - серісінен?! 

*** 

жүрегімде мазасыз маздайды ой-мұң, 
елес болып кетпейді қаздай мойның. 
бұрындары амандық сұраушы едің, 
қазір біраз күн отті жазбай қойдың!!! 

*** 
ажарыңмен көңілді құнықтырдың да, 
жанарыңмен, жарқыным, сыр ұқтырдың ба? 
атқақтаттың жүрегін арыс кеуденің, 
қалампырша құлпырып, күліп тұрдың да..... 

шаштарың бұралаң-бұлақ қусыра өрген, 
мінезіңе жарасар қымсына берген. 
менің де махаббаттан бар үлесім, 
дүниеге сол үшін құлшына келгем! 

ашылады-ау күлтесі сірә бағымның, 
сол еді ғой Алладан сұрағаным мың! 
сенбегендер келіңдер, сезініңдер! 
буырқанғанын балқытып бұла қанымның!
 
Бахтияр
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 595 | Рейтинг: 0.0/0