Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 12.11.2019

Іздеймін мен, іздеп жүрмін сабылып
Іздеймін мен, іздеп жүрмін сабылып,
Қала ма деп үмітпенен табылып
Ұмытуға дәрменім жетпеді ме
Жүргендеймін бір адамды сағынып.

*********************************


Менің сырым,мұны ешқашан шашпаңдар
Естісеңдер жылы жауып тастаңдар
Ұмытқым-ақ келеді, өтінемін
Жүрегімді жұлып алып тастаңдар.

*************************************

Маңдайға жазылғаннан қаша алмайсың
Көңілің қаламаса қош алмайсың
Жігіттер, әуре болмаң ешқайсың
Ешқашан оның орнын баса алмайсың.

*************************************

Сағыныштың шөліне қанайын ба?
Адамдардың кезіктім талайына
Сені сонша мен неге жақын көрдім
Әйтпесе көп еді ғой жүрегімен
Жақсы көрем деушілер маңайымда.

Саған айтар сырларым да көп дейді,
Бола берсін, бола берсін көп мейлі.
Еш сырыңды ашпасаң да сен маған
Білемісің, саған ешкім жетпейді.

****************************************

Ұмытуға жәрдем берің, өтінем,
Кешіктім мен мына өмір көшінен.
Бөріктіге көзім түспей көптеген
Оны ұнатып қалғаныма өкінем.


Болмаса да көңіл күй күліп келем,
Ұмытам деп оны бір күн үміттенем
Бірақ, бірақ, сезімім сөнер емес,
Мәңгілік бола ма деп күдіктенем.
 
Асия Жусупова
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 611 | Рейтинг: 0.0/0