Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 12.11.2019

Дей алмаймын
Дей алмаймын сені сүймедім деп,
Жиі алдаймын, алдамшы күйбең тірлік.
Мағынасын жоғалтып алғандаймын.
Сан рет жаныңа барғандаймын.

Бардым да үнсіз ғана сыр ақтардым.
Астына қалам ба екен сұрақтардың.
Деген ойлар мені мазалайды.
Сонда да еңсеңді сенің құлатпадым.

Дей алмаймын, сені де жиі алдаймын.
Өзгеге бір өзіңді қия алмаймын.
Жаһанды жалпағынан бассам дағы.
Өзіңсіз бұл өмірге сия алмаймын. 

Ғанибеті ғұмырдың өзің дедім.
Сылдырлаған бұлақты сөзің дедім.
Тыныштығын ұрлаған мына түннің...
Сығалаған айымды көзің дедім.

Дей алмаймын мен сені сағынбаймын.
Алыстап бара жатқан сағымдаймын.
Арманымды қолыңа ұстатып ем.
Ал өзіме ешуақыт бағынбаймын.

Күмбірлеген күйлерді көңілің деп.
Санағам сағынышты өмірім деп.
Бақшадағы бақыттың арасында.
Жүргендейсің ең тәтті өрігін жеп.

Дей алмаймын бірі өзіңді биіктеттім.
Алдыңа қуанышты үйіп төктім.
Қайтейін қолымнан келгенінше.
Өзімді бірі өзіңе сүйікті еттім.

Дей алмаймын жүргенде біз ғашық боп..
Бір бірімізді көруге де асық боп.
Тұратынмын тратуар үстінде.
Көкірегім көл болатын тасып көп.

Дей алмай дегің келді маған қарап,
Өкпем еш болмаған ды саған бірақ.
Дей алмай кетер болсам іштен тынып.
Деп кеткім келеді менің жылдамырақ.
Өкпем еш болмаған ды саған бірақ.
 
Аллаберген Қонарбаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 597 | Рейтинг: 0.0/0