Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Вторник, 15.10.2019

Махаббат
О,Махаббат тұңғиық сыр қатал ақын,
Ол емес өлең үшін ақы алатын.
Махаббат музасындай жыр кітаптың.
Тұмары ғашықтықтың жатталатын.

Махаббат сағынышым жан ұшырған.
Жаныма жалын құшақ жар ұсынған.
Махаббатың ыстығына адам түгіл.
Көк мұздың көзі ашып зәрі сынған.

Жүректерде асыл жыр боп жазылған.
Әсемдік пен сұлулығы назынан.
Бар адамзат қалдырыпты сезімге.
Көңілінде көктем болып жазып ән.

Ғасыр бойы махаббат деп бас қатырып.
Мөлдір сөздер жазылыпты тасқа тұнық.
Іңкәр болып сезімдерде тербетілген.
Махаббат мәңгілікке бас тақырып.
 
Аллаберген Қонарбаев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 559 | Рейтинг: 0.0/0