Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Бәрі өтірік
Жалған неткен бұл өмір?
Көңіліме дақ түсірді-ау көл-көсір.
Жылаймын ұзақ түндерді мұңға малып,
Өксік бар сонда дағы өшпес ешбір.
Күлем кейде ақылы кем адамша
Жанардағы жасты тиып аз ғана,
Кейде терең ойға шөгем сан қилы
Жаным жалғыз қалған шақта оңаша.
Сонша күйге бөлеп жатқан бір-ақ жан
Сезімімді сезе алмайтын, көрмейтін.
Санамдағы маза бермес сұрақтар
Күндіз күлкі, түнде ұйқы бермейтін.
 
Саттарова Б.Е.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 535 | Рейтинг: 0.0/0