Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Күзім күздеп, қысым қыстап, көктем кетіп барады
Күзім күздеп, қысым қыстап, көктем кетіп барады,
Саған деген жан жылуым мәңгілікке қаралы.
Бұрын айтқан сенің, жыртық жыртық сөздерің,
Жамауға емес, үңгір тесікке айналды.

Махаббат ешқашан екеумізде болмаған,
Болмақ түгілі, бағымызға қонбаған.
Махаббаттың жолымен кете берсен мені іздеп,
Өйткені, махаббатымыз бос шелекке ұқсаған.

Өтірік күлесін, өтірік сөйлеп алдайсын,
Менің жүргеніме, көңіліме сен қарайсын.
Мен саған түсінбеймін ешқашан,
Неге қазір, бұрындары неге айтпайсын.

Салқын сабырым кетті, сенен астан кестен,
Жүрегім секіреді сенен сескенбестен.
Сені көрсем болды, жан тәнім түтіндейді,
Ал, менің қарағаным өзіңе білінбейді.

Не дейсін маған, құлағыма сыбырламашы,
Қолыңнан келсе, жүрегімді тағы алдашы.
Сөздерді саған тікелей мен айтамын,
Неге қарамайсын, бері бұрылып қарашы.

Мен жыламаймын, жылауғада мен тұрмаймын,
Сен махаббатымсын деп, еш мойындамаймын.
Екеуміздің сезіміміз тек сөз арасы,
Енді келсең бейбақ қыз, мен сені танымаймын.

Күзде жапырақ түсіп, сезімім аяқталған,
Қыста аязым соғып, жүрегімді салқындатқан.
Енді екі мезгіл осылай ерте қалады,
Өйткені, көктем мұңайып кетіп барады.


Түсінбеймін арасында неге менімен сөйлесесің,
Бірдеме бітіргендей жымиып мағн күлесін.
Сен мені сүйе алмадың, мен оны білемін,
Алдағанға жүретін, мен ойыншық емеспін.

Алыстап кете бардың, неге менен жаным,
Алақанға салдым, мен сені аяладым.
Сонда да сен мені неге ойламайсын,
Ойлағаның былай тұрсын, сен мені сүйе алмайсн.

Менен енді сен, кешірімді сұрама,
Бос кешірмеймін, бостан босқа жылама.
Білесін ғой жаным, мен сені сүйгенмін,
Енді бәрін ұмытып, өзгемен өмір сүрерсің.

Енді сені есіме алмай ұмытамын,
Екі сөзіңнен сенің шаршағанмын.
Меніңде шыдамымның шегі бар,
Ұмытуға көмектесе гөр, уа Жаратқаным.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 629 | Рейтинг: 5.0/1