Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

ЖҰБАТУ
...Жүрегіңді жылаған жұбата алмай
Жел өтінде жұтаған құба талдай,
Ештеңеге шарасыз тағы отырмын.
Тым болмаса қаліңді сұраса алмай.

Бір басыңа о неге үйір қайғы,
Бақытыңды уақыт жиі ұрлайды.
Сонда да үгілмеші бұ дүниенің,
Бұйырмайын дегені бұйырмайды.

Төзіміңмен болса егер сабыр басым.
Қайыстырмас көңілдің қабырғасын,
Өлең оқы...шылым шек...
тағы не бар?!
...Тек әйтеуір жүрегің ауырмасын...

Бұ жалғанның бүлк етпес беті мүлдем,
Кеудеден қайғы ізін кетіру кем
Енді ештеңе шықпасын түсінем ғой,
Өкінуден немесе өтінуден.

Келу үшін қинайтын шешімге бұл.
Бізге осы бұлдайды несін Өмір?!
...Жұбата алмай өзіңді қысылады,
Жұбату көрмей өскен жетім көңіл..,
 
Айжан Табарак
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 553 | Рейтинг: 0.0/0