Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАРЫНА СЕНЕМІН
1. Балалықтың ашпай жатып базарын,
Жас болсам да тарттым өмір азабын.
Көріп тұрып өлім-өмір арасын,
Арпалыстым сезбей жанның жарасын.
Тағдыр қоймай бағындырып, қаратқан,
Бардан енді айырмағын Жаратқан.
Көрдім менде тауқыметін тағдырдың,
Үлгі алдым өмір деген сабақтан.

Қайырмасы:
Атар таңым сенім мен үмітпен,
Өшпейтін еш арылмас үміттен.
Амалым жоқ тағдырыма көнемін,
Бәрі жақсы боларын сенемін.

2. Тағдыр осы бақыттымын білемін,
Барға шүкір, туба етіп жүремін.
Берілмеймін, мойымаймын ешқашан,
Орындалар бар мақсатым, тілегім.
 
сөзі: БУКИРБАЕВА АЙДАНА
орындайтын: Қарынсау Арман
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 626 | Рейтинг: 0.0/0