Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Өмір маған үйретті
Өмір маған үйретті жыламауды,
Қиын сәтте сүрініп, құламауды.
Жақсы досты қадірлеп, адал болып,
Жаман достың жағдайын сұрамауды.

Өмір маған үйретті сүюді де,
Күйіктерге жынданып, күюді де.
Шын сүйген адамдарға адал болып,
Өткінші бақытыңды сүю деме.

Өмір маған үйретті ұнатуды,
Өзімді жылатқанды жылатуды.
Кінәсізді түсініп, кешіруді,
Кінәліден кешірім сұратуды.

Өмір маған үйретті, сабыр берді,
Сезім, сенім, үміт пен төзім берді.
Барын берді бұл өмір, бәрін берді,
Енді міне қайтарар кезім келді.

Өмірден мен алдым ғой барлығын да,
Қалып қойған аламын қалдығын да.
Бұл өмірден сөнетін кезім келсе,
Қайтарамын өзіне барлығын да.
 
Айдана Букирбаева
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 633 | Рейтинг: 0.0/0