Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Өкінбе
Көніп келем 
Көшкен шақта күн алға, 
Уақыт сырғып мұңымды ілді мұнарға! 
Жүрегіңде жанартау боп жарылсам, 
Жанарыңнан бір тамшы жас шығарма!
Барсың.. Жоқсың.. бұлдыр-бұлдыр бірдеңе, 
Қиялыңда ғажап өмір сүр деме. 
Үлбіреген үмітімнің соңғысын, 
Үп еткен жел үзіп кетсе 
Үндеме!
Ілгері озған ілесе алмай нөпірге, 
Дел-сал болсаң дүлей дауыл өтінде! 
Өткен күннің өзекті өртер елесі, 
Өміріңді өрт қып кетсе 
Өкінбе!
Жылы жүрек жасқа оранды.. мұз дене, 
Жақын жүріп жат боп кеттік біз неге? 
Көк тәңірі қолын созып бір күні, 
Көк әлемге алып кетсе 
Іздеме!
 
Смағұлова Салтанат
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 528 | Рейтинг: 0.0/0