Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Менің сырым - өлеңде!
Мен сыйлаған кітаптар, 
Қаттаулы тұр сөреңде. 
Сағындырсам.. жиі ақтар, 
Менің сырым - өлеңде!
Өзекті жан емеспін, 
..Кінәлайсын босқа сен. 
Өмір деген елестің, 
Өлең болған нұсқасы ем.
Жалт беретін ғұмырда, 
Жарқ ететін - жасын жыр! 
Құздан тартып тұғырға, 
Бауырына басып жүр.
Жайым болды белгілі, 
Жаннан сыңар таппасым. 
..Елес еншім ендігі, 
Күпірлікке жатпасын.
Таусылса да төзімің, 
Мойындамай жүргенсің. 
Жан сыздатар сезімің, 
Ақылыңа күрмелсін.
Мен алыстап кеткем жоқ, 
Қасыңдамын үнемі. 
Жыр жазылған беттер боп, 
Жаным өмір сүреді.
Мен сыйлаған кітаптар, 
Қаттаулы тұр сөреңде. 
Сағындырсам.. жиі ақтар, 
Менің сырым - өлеңде!
 
Смағұлова Салтанат
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 679 | Рейтинг: 0.0/0