Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

ҰМЫТШЫ МЕНІ
Шыбын жаныңды шырыл қақтырып нәресте, 
Дегбіріңді алып, түсіп жүрмін бе тағы еске? 
Көз қуанышың бола алмаймын деп, сөзімнің, 
Ашығын айттым емес пе?
Байғазы атап.. Бағаңа сенің жетем деп, 
Сезім мен сөзді шығындамашы бекер көп. 
Кермені үзіп кете алмаймын ғой, бір жігіт, 
Ғашық боп қалды екен деп.
Сенбеймін бізге арнайды десең аспан ән, 
Елес ғұмырды ертерек сүріп тастағым. 
Ханшайымым деп төңіректей берме түндікті, 
Ханзадам менің басқа адам.
Тағдырым салды, көндігіп бірақ кетпедім, 
Сен-сағым құштың, мен-сыңарыммен сертті едім. 
Ықтиярды бұзып, ықыластының ығына, 
Жығыла кетер деп пе едің?
Көлденең келіп, кес-кестей берме көкбестім, 
Бұйырмаса егер бұйдалай алмас бақты ешкім. 
Шарқ ұрып жүрсің.. өзің де білер шындықпен, 
Келмей жүр ме екен беттескің?
Жүректің емес дегені болсын сананың, 
Жауапсыз қалған сөндірші сезім алауын. 
Сел болып ағып, сең бұзып қайта келсең де, 
Жалғыз-ақ менің жауабым - 
Ұмытшы мені!
 
Смағұлова Салтанат
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 612 | Рейтинг: 0.0/0