Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Қос жүректің лүпілі деп айтатын
Қос жүректің лүпілі деп айтатын,
Келе ме екен сенімі жоқ біздегі.
осы күнде енді ғана байқадым
Мендік сезім саған деген ізгі еді.

Ізгі көңіл, пәктік сезім мендегі
Толғанбады, неге, жүрек, сендегі.
"Тас жүрек" деп айтар едім тек бірақ,
Сол жүректі сүйіппін мен сендегі.

Тас жүрек пе, пәс жүрек пе білмедім,
Құдайдан соң саған ғана сенгенмін.
Бастан өткен барлық сәттер - ойласам,
Адасқаным -ертегіге енгенім.

Жетер енді мендік түске енгенің,
Құр бос сөзге алдамсырап ергенім.
Бәлкі, мейлі қосылармын тізімге,
Махаббаты баянсыз дегендердің.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (02.01.2014)
Просмотров: 653 | Рейтинг: 5.0/1