Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Агенттегі махаббат
Көрмедім агенттің жемісін,
Қалайша сені енді сендірсем?
Мен кіріп отырам сен үшін,
Сен шығып кетесің мен кірсем.

Жүректің көзінен жас тамып,
Еш нәрсе айтпастан тынады – ай.
Сөзіміз «Сәлемнен!» басталып,
Жалғаспай қалады, бұ қалай?

Жанымның қалауы сен еді,
Арамыз дос емес қастай шын,
Көп жазбайм, қорқамын, себебі,
Тізімнен өшіріп тастайсың.

Ақтарғым келеді – ақ сырымды,
Көңілім жабырқау, санам – күз.
Өзіңе арналған жырымды.
Блогқа жазамын амалсыз.

Тырысам дертіңе төзбек боп,
Өртейтін жалынмен оттайсың.
Басқалар мақтайды «Сөз жоқ!», — деп,
Сен, бірақ, ешнәрсе айтпайсың.

Әйтеуір сол сезім өшпесін,
Байлады – ау өзіңе бір Құдай.
Статус мен емес басқа есім.
Қызғанып кетемін сұмдық – ай.

Сүйгенім шығыр – ау бар кінәм,
Ойлаймын, тізімнен өшірем.
Өкпелеп аламын, артынан,
Мен сені бәрі бір кешірем.

… Кетпесім анық қой баз кешіп,
Қызықсыз болғанмен тірлігім.
Сен жоқсың. Агентім қалды өшіп,
Таусылып қалыпты бірлігім...
 
Авторы: Жасұлан Серік
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 613 | Рейтинг: 0.0/0