Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Қыз мұңы
Ұзын көше. 
Тып-тыныш.
Қараңғы түн.
Үйлерден шығып жатыр сараң түтін.
Баяу жел, жапырақсыз жалаңаш тал,
Топ-толық Ай – бәрі де алаң бүгін.

Қателесіп өмірлік іздегені,
Ойлады екен осынау түзде нені?
Адам ізі түспеген аппақ қарда
Сылтың басып сарғайған қыз келеді.

Жас толып жәудіреген жанарына,
Бара жатыр-қайғы мұң алаңына.
Дала унсіз,
Дыбысы шығады тек
Аппа қардың жабысқан қадамына.

Көңілінде не мұң бар?
Түйгені не?
Сезім деген алауға күйгені ме?
Шынымен де, келеді қарғыс айтып
Сезімін таптап кеткен сүйгеніне.

Адам таппай жан сырын ақтаратын,
Отырды бұрын барған баққа жақын.
Бірге жүрген күндерін есіне алды,
Ал ертеңі бұлыңғыр пәк баратын.
Тек қана қап-қара түн...
 
Есет Төлеш
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 670 | Рейтинг: 0.0/0