Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

С. . . .ға
Арманым менің айналар ма екен сағымға,
Жолымыз екі айрылар ма екен ағымға.
Алладан тілеп,жүрекпен жылап жүргенім.
Барлығы да,бәрі де менің жадымда.
***
Ендігі бір күн қоштасып та қалармыз,
Жастықтың лебі жалындап мүмкін жанармыз.
Бір күні болмай, бір күні жаным,кезігіп
Осының бәрін күлкімен еске алармыз.
***
Ардағым сенсің өмірден мынау аңсаған,
Тілеймін бақыт,мол шаттық жаным,мен саған.
Үнемі күліп тұратын сенің жүзіне,
Таңдана қарап,мен саған жаным тамсанам.
***
Арнадым үміт, жыр-әнім бәрін өзіне,
Шаттыққа толы,бақытқа толы сезімге.
Ұштастырған махаббат отын,жалынын
Қарадым мөлдір,тұп-тұнық сенің көзіңе. . .САҒЫНАМ және
 
Шынар Мәлік
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 643 | Рейтинг: 0.0/0