Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Өмірдің кейбір кездері
жалғызсырап жабыққаннан қыйналасын 
бірақ ешкім жаныңды сенің сезбеді
өлеңмен сырды ақтарасың ішіңе сыймағасын
өтетін солай өмірдің бар ғой кездері
жаныңды түсінетін адам таппай
ішетін алдыңдағы асың батпай
пендесің ғой ойланасың оңашада
қалғандай бір мезетке өмір тоқтай
көз тастап алысқа бір ойланасың
күліп ойнап жүруге көңіл соқпай
ішкі дүниең тыным бермей мазалайды
алаулап жанып жатқан қызыл оттай
кей кездері күткенде таңың атпай
түніменен дөңбекшіп тыныш жатпай
кейбіреудің айтқан сөзі жүрегіңе кеп
қадалғандай болады суық оқтай
айтар болсам ендігі сөзді саптай
ешқашан ұмытпайық сол бір шақты ай
кей жандар қөңіліңді сезбеді
осылай өтер өмірдің кейбір кездері
 
Даулет Жиеналиев
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 642 | Рейтинг: 0.0/0