Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Махаббат-бақыт
Шөп басында дірілдейді
Таңғы шықтың тамшысы
Екі көзде дірілдейді
Махабаттың қос тамшысы!

Сол қос тамшыдан
Құралады махаббаттың бұлағы
Тау мен тасты бұзып жарып, қаймықпай
Көтерілер бір үйдің шаңырағы

Махаббат-Бақыт!
Түсіне бермес, оны әркім
Махаббат-Қуаныш!
Өмірде бір рет келер бәлкім.

Сенің бейнең
Нұрлы айдың шуағы
Ұрғандай ма тереземнің әйнегін?
Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді
Жүректегі бұл сезімді қайтемін?

Көз ілмеймін, үнсіз аймен сырласып,
Кейде алысқа кеткендеймін, қыр асып
Тыныш жатқан сезімдерім сыбырлап
Жүрегіме жыр айтқызды жыбырлап

Сенің бейнең, үнсіз келіп жай ғана
Көз алдымда жарқ етті де жоқ болды
Бейнең емес, сезімдерің қайда екен?
Деп сұраймын, төңіректен жайлана

Нұрлы аймен, жымыңдасқан жұлдыздар
Осы түнді бірге өткізген ғашықтар
Бейнең емес, өзің келсең қасыма
Менен,бақытты адам бұл өмірде, жоқ шығар

Сенің бейнең,үнсіз келіп, жүрегімді ауыртты
Сыңар жүрек бақытты деп кім айтты?!
Сезіміңмен, сезімдерім сырласып
Бір-біріне үлкен ғашық сыр айтты

Сенің бейнең, неге үнсіз білмедім
Өңімде де сен жиі келмедің
Осы жазған сырлы өлең жолдарын
Түсім екенін сен досым білмедің
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 742 | Рейтинг: 0.0/0