Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 15.09.2019

Еңлікке
Жарты жылда өтіп кетті екеуіміз кездескелі,
Кеудемдегі мүшем сені қалағанын сезбеп едім.
Сезім еді себепсіз сағындырған өзіңді,
Өңімде көрсем деп жүзіңді,ұмытып төзімді.
Өңешімді жұлқылап еріксіз айттым есіміңді,
Еңлік, Еңлік.... есіле естілді.
Ессіз елеңдедім естігім кеп дауысыңды,
Дара қайталанбас мінезің маған жағымсыды.
Жалғанда жетімдей жалғыз болып едім жолаушы,
Серігімсің зерікпес қиын сәтте жұбатушым.
Жарық берген сәулемсің өмірімдегі қараңғы,
Өтінемін тек сөнбеші шамшырағым.
Шарықтап көкке өрлеймін сүйем деген сөзіңнен,
Нәр аламын қарап көздеріңе күлімсіген.
Күнімсің жылу шашқан жылы лебіз жүзіңнен,
Жүрегімді елжіретші сүйем деген сөзіңмен.
 
Тлеуберлин Нұрболсын
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 607 | Рейтинг: 0.0/0