Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Аралаймын еске алып сол бір кешкі қала бағын
Аралаймын еске алып сол бір кешкі қала бағын,
Өткен күндер қайта оралмас, бәрі енді тек сағым.
Сағынамын "сүйем" деген, "жаным" деген сөздеріңді
Сағынамын саған қарап күлімдеген сөздеріңді.

Жапырақтар сыбырлап самал желмен үндеседі,
Қызықтыра ғашықтар көз алдымда жүздеседі.
Уақыт емші ұмтылады дегенменен
Сенсіз менің уақытым қайғы мұңмен кездеседі.

Мұңымды айтып ақ қағазбен сырласамын,
Кімге күліп, кімге жылап, кіммен енді санасамын?
Ұмыту қиын болғанымен бір өзіңді...
Ақылға салып, жүрегіме құлақ асамын.

Бір өзіңді неге сонша ессіз құлап сүйдім екен?
Сені ұмыттырар бұл әлемде барма еді ғажап мекен?
Айтшы жаным, неге сонша танымасттай өзгердің?
Құлай сүйген жігітім, сүйіктім менің қайда екен?

Сезімімді жеткізу біле-білсең, қиын маған,
Жүрегімнің елшісі - қаламсабым жырлаған.
тіл ұшында тұрса дағы айтар сөзім
Қарсы алдыңа келгенде дәтім менің бармаған.

Адамның күні адаммен өмір болса алма кезек,
Нені қалап, нені ұнатпай, кеттің жаным нені меңзеп?
Жан дүнием астан-кестен, бір өзің деп қиналсам да,
Тілеймін бұл күйімді ешқашан сен кешпессің деп.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 707 | Рейтинг: 0.0/0