Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

АЛГЕБРА САБАҒЫ
Алгебра сабағы...
Басталардын алдында
Коркыныштан бір кобалжып алдым да,
Көзімді алмай отырдым мен есіктен.
Тым ұзаққа созылғанды сабақ та,
Күте,күте таусылғанды тағат та.
Қоңыраудын естілсе деп сыңғыры,
Қайта,қайта қарап қоям сағатқа.
Қорқынышпен өтіп жатыр мына күн,
Есік жақиа түрулі тұр құлағым
Сол шақтарда терең ойға берілдім
Елеместен мен апайдын сұрағын.
Есеп десе еңсем түсіп кетеді
Бұл сабаққа қалай төзім жетеді?
Осы біздер Алгебра сабағын 
Деп ойлаймын оқымасақ нетеді
Айййй бірақ...
Қайдам,оным далбаса,
Не істемекпіз егер есеп болмаса?
Қайтем енді бұл жайында толғамай
Теория,Ұзын шатпақ формула,
Басты ауыртып,әзізжанды қорласа.
Алгебра көнілді пән қылар ем,
Билік қолда бәрі мені қолдаса.
Арман,Арман...
Текке айтылған сөздерім,
Есеп толы тақтада тұр көздерім.
"Мен ұқпаймын,фундаментім шамалы,
Оқыңдаршы,оқысаңдар өздерің"
Деп қоямын анда-санда жынданып
Сонда достым,қандай мақсат көздедім
Есебі жоқ мамандықты тандаймын,
Тісім өтпес жаққа ешқашан бармаймын,
Деймін кейде құрдастарға әзілдеп,
"Қойыңдаршы математик болмаймын"
Есеп емес,жалынды өлең шығарып
Ақындардын ізгі жолын жалғаймын.
Менің жазар есептерім тым бөлек
Оған бірақ сәуле шашқан нұр керек
Өткір сөзбен,сырға толы өлеңмен
Менің жаным бүршік жарып гүлдемек.
Ал есепті нәзік жүрек сүймеген,
Соны көрсем жабырқаулы күйге енем.
Шығарудың амал-айла,тәсілін,
Аман болсам кейінірек үйренем.
Мен есепті ұғады екем қай күні?
Айтып текке отырғам жоқ жай мұны,
Бар есептін падишасы - формула,
Ал жырлардын шалқар шабыт айдыны.
Білем анық...
Есеп деген осы менің не теңім,
Құр қиялға беріліп мен кетемін.
Тебіреніп өлең жаза білсем де,
Ал ЕСЕПті түсіне алмай өтемін.
 
 Уақыты:23.04.11
Абылайхан Жумашев Жасанұлы
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 705 | Рейтинг: 0.0/0