Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Шолпанға
Жарық айдың сәулесіндей жанарың,
Сұлу,кірпік қиғаш екі қабағын.
Мен алыстан келбетіңе көз тігіп,
Көздеріңе қайта,қайта қарадым
Қалмады енді басқа менің амалым.

Сергелдеңге түсіп сезім,сана мың,
Өзгені емес тек өзіңді қаладым.
МАХАББАТТЫҢ маздап жанған отына,
Қалқатай-ау күйіп-жанып барамын.
Емі бар ма жүректегі жараның ?

Қол жетпейтін болдың жаным сағымдай,
Сені қалай жүре алмақпын сағынбай.
Саған қарай алып-ұшты сезімім,
Ғашық жүрек әміріме бағынбай...
 
Абылайхан Жумашев Жасанұлы
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 608 | Рейтинг: 0.0/0