Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

"Кеше менiң түсіме тағы да ендің"
Кеше менiң түсiме тағы да ендiң,
Қуансын деп, мен бейбақ елесiңе.
Бiрақ, бiреу жаныңда тұрды-ау күлiп,
Шығарып сап "бақыттың кемесiне"..
Маған шаттық сыйламай кете бардың,
Қатыгездеу екен-ау жүрегiңде.
Түн ұйқыңды төрт бөлiп анда-санда,
Тым құрыса түсiңе кiремiн бе?
Өңiмде емес, түсiмде әлдилейсiң,
Ол да азырақ, жанымды емдемедi.
Құшағыңа ып-ыстық қысып ал да,
Түсiмде емес, өңiмде тербе менi..
Жiгiтiң жүр жаныңда, ол - бақытты,
Сен қиналсаң, ол сенi қолдайды ма?
Өзiң жайлы түсiме, оны ертпей,
Жалғыз өзiң кiрсең не болмайды ма?
Маған ауыр, сендердi бiрге көру,
Маған қиын, түсiне аласың ба?
Шын өмiрде жанымда жүрмесеңде,
Бақытым боп түсiмде қаласың ба?
Түсiмде қал, сен солай бақытты етшi,
Өтiнемiн, тек қана тiлерiм сол.
Сен бәрiбiр өңiмде келмейсiң ғой,
Түсiмнiң онда басты кейiпкерi бол..
Өтiнем сенен...
 
Умиржанов Дархан
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 715 | Рейтинг: 0.0/0