Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Акерке
Аялайды еліктіріп ақ үміт
Жүремін мен жүрегімнен жыр ұғып
Тек сен жаным мына менің кеудемде
Айта берем айтар кезде ән қылып

Жанды қинар жүрек шіркін шыдатпай
Махаббатта қоймайды екен жылатпай
Қиындықтың бар өткелін тек сендеп
Өтіп келдім,өтіп кеттім қаймықпай

Барады сезімім ішімді бүгіп
Жыр жаздым сені ойлап өзімді үгіп
Аялы ақ періштем ақ маңдайлы
Жүремін бар бақытты сенен күтіп

Сұлулық жарасқандай бір өзіңе
Жаныма жылы тиер әр сөзіңде
Көңілге медеу тұтып аялатып
Ғашықпын ай аруым тек өзіңе

Білмеймін дәл сендей басканы сүйе алам ба
Қосыла алмай қалса мен сені қияламба
Осыны жиі ойлап қайғырамын
Айтшы сен не істер едің орынымда болғаныңда

Жоқ,ойлағым келмейді бұл сұрақты
Бұс сұрақ үмітімнің бір жартасын құлатты
Қандай нәрсе болмасын көтеремін
«Иа»-деп,жан аққуым бір қуантшы

Сенсін ғой айда күнім күлімдеген
Даусынды естісем жүрегім дірілдеген
Теңдесі жоқ махаббатым өмірдегі
Арманым бар өзіңмен жүрем деген

Келеді бақыт қайдан арқаланып
Жүрегім жүр ғой шіркін мұңға батып
Бір мезгіл дауысыңды естігенде
Қалады ғой өз кеудем нұрға батып

Акерке асыл тасты үнжумісің
Жоқ әлде жүрек тербер жырымбысың
Бәріне теңесемде жарасатын
Аққуым,ақ періштем,Тоты мүсін
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 688 | Рейтинг: 0.0/0