Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Мұң
Көңілім бұрын мұндай емес еді,
Сен келгелі өзгерді келешегі.
Мұң байланған жебеңді атып кеткен
Жүрегім ұмытпайды неге сені?!

Мойныма ап-ауыр мұң жүктегендей,
Қолымнан қалды менің түк те келмей.
Жүрген кезде қайғысыз, сені көріп,
Жалындады жанарым күтпегендей.

Мен үшін жаралған қыз деген едім,
Бірақ сен сезімімді елемедің.
Аппақ түспен боялған өміріме
Қара түс қадайтұғын жебе ме едің?!

Ай мұңайды, қайғырып қарады Күн,
Мұз үстінде жүргендей әр адымым.
Қолға алған ісімнің бара шала,
Себебі жанымды өртеп барады мұң.

Кездестік шырай шашқан ізгі күнде,
Бейтаныс адамдаймыз біз бүгінде.
Мен әлі сезім деген асау аттың
Кетіп бара жатырмын тізгінінде.

Үйіріліп жас бүгін жанарыма,
Сүйендім ақ парақ пен қаламыма.
Мендік қайғы себепші болды ма екен,
Қабағын түйіп тұр ғой дала мына.
Бәрі, бәрі, бәрі де ала құла.

Бұл да бір тағдырымның сыйы ма екен,
Көңілімнің қазіргі күйі бөтен.
Сыртымнан ойнап-күліп жүрсем дағы, 
Ішімнен қан жылаған қиын екен.
Мен бірақ сені мәңгі сүйіп өтем!..
 
Есет ТӨЛЕШ
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 726 | Рейтинг: 0.0/0