Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Періште пейзаж
Қалған жаман құсалықпен күнде ойда, 
Қос нәрседей өмір өзі тұрмай ма?!
Он саусақпен ойнақтаған сырнайлар,
Құс көңілмен келер бәлкім ыңғайға. 

Сондай шақта сені тапқам мөлдірден, 
Көкірегіме көктем болып кеп жүрген.
Осы болды өмірімде алғашқы,
Махаббаттың соңғысы да мен білген.

Жас едік біз жасқанбаған жолдардан 
Аунап әлі түспеген кез арманнан.
Жаз кешінде жаутаңдаған оттары,
Ертіп шықтым еркелетіп аулаңнан. 

Жанды езілтіп жұпар иісін жайғаның, 
Көздеріңде күлімдеді ойларың. 
Саған ұқсап тұрды тынық дүние,
Түнгі құстар сайрап жатты беймәлім. 

Құс торғайдай қылпылдады кірпігің 
Есімді алып екі бірдей бүртігің .
О, құдіірет жанып бара жаттым мен, 
Екі ерінің екі талы шырпының. 
Мен кілтімін – сен өзісің құлпының 
Батып бара жаттық біздер бақытқа. 
Оңашалап от көңілдің бір түнін. 

Сусып шашың су тамаққа оралып, 
Өзен ағып, келе жатты таң алып. 
Жапырлаған тұрып жатты жас майса. 
Құлап түскен қос көктемнен нәр алып. 
Ойнақтаған ойға айналып қос тамшы
Сырғып бара жатты бізден балалық...

...Таң қалысты тілі жетпей торғайлар.
Қуаныш пен қорқынышта қалды ойлар. 
Бір құшақта дүмпілдеген қос жүрек, 
Бақытты еді жазуы жоқ маңдайлар. 

Жасырынды- ай жұмсақ бұлттың сыртында-ақ, 
Қарауытты көзінде тау қылтылдап, 
Самал ғана толқын сүйіп үйренген,
Шаштарыңды шашып тұрды сусылдық. 
Қысып қойдың қолдарымды өзімсіп, 
Жұтып тұрдым жұпардан бір тым қымбат. 

Қырқа жаққа қызық сәтті қалдырып,
Шапақ атып келе жатты таң қылып, 
Қыз қылықпен ұмытпаймын деген ең, 
Мен де сені ұмытпаспын мәңгілік. 

Қалай айтам сол күндерді күнәм деп, 
Ойға қалам қырқа жаққа шығам деп, 
Сенің де рас жазығың жоқ бұған көп, 
Сен бе екен деп қалам қара шаштарды, 
Бара жатқан шақта күндер бұраң боп. 
Рас, күнә болар еді бір өлең , 
Жаза алмасам жазықсыздан құмар боп.
 
Абылқасымов Айжарық Құбашұлы
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 724 | Рейтинг: 0.0/0