Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Құштар жүрек
Жаным-ау, сен де арманда, мен де арманда,
Құдайым қосар ма екен бұл жалғанда.
Шіркін-ай қайтып қиып кете алармын,
Жүрегім сен деп соққан бұл жалғанда

Тірлігі тынысымның бір өзіңсің,
Өзіңсіз сәні барма бұл өмірдің.
Өзің деп өмір сүріп келемін мен,
Қадірін құштар жүрек енді білдім.

Зарланып зарығумен өтер ме екем,
Арман боп мәңгілікке кетер ме екен.
Көз жасын ғашық жанның Құдай көріп,
Мақсатқа армандағы жетер ме екем.

Сағынышпен сарғайып,
Сені аңсаумен жүдедім.
Өзіңе ауып іңкәрім,
Жаралы болды жүрегім.
 
Айдана Байгазиева
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 742 | Рейтинг: 0.0/0