Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Әлі есімде маған қарап күлгенің. Есіңдеме Жанарым?
Уақытың келді, жүрегім енді жылыншы деп
Өмірімде ғашық болдым бірінші рет.
Сол күні атыңды сенің сұрағанда
Жанаргүл деп жауап бердің күлімсіреп

Мөлдіреген көздеріңмен қарадың
Жок еді ғой жүрекке қояр талабым
Жанаргүл деп шын атыңды айтсаңда
Дегім келді, Сүйгенім, Жаным, Жанарым

Сүйетінімді басқа емес сен білдің
Сезімімді ой санама жеңдірдім.
Күндіз түні ойлағаным өзің боп,
Ұйықтасам да түсіме де сен кірдің

Әлі есімде маған қарап күлгенің
Саған қалай ұнарымды білмедім
Алғашқы қар жауғанда,кездескенде
Өле өлгенше сүйем сені біл дедім

Сенде айттың менде сені сүйемін
Сезімімді айта алмай жүр едім.
Қиналмаймын бұдан былай,өйткені
Енді бірге болатынымызды білемін

Сол сәттен-ақ өмірім түгел өзгерді
Ести бердім Жаным деген сөздерді
Саған дейін жалғызсырап жүр едім.
Енді ойламайм сенсіз өткен кездерді.
 
Нурболат Утепбергенулы
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 727 | Рейтинг: 0.0/0