Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Мұң сыйлаған періште
Өміріме періштедей енгенсің,
Мендік жара сенен қалған естелік.
Жұдырықтай болып мені жеңгенсің
Өліп-өшкен сезімімді ескеріп.

Қаталдықтан қан іздеген семсер де
Мына сенің айбыныңа шыдамас.
Сенбесең де, мейлі маған сенсең де,
Бірақ мендік сезімде енді шыдам аз.

Өмірімді өткізем бе жылап құр,
Ұмытам деп сөз берсем де күн, тунге.
Бірақ мына көңілімде сұрақ тұр – 
Сені ұмыту мен бейбаққа мүмкін бе?

Бәрі қайғы – жарық күн мен тұнық түн,
Сен келгелі тек мұңаю білгенім.
Қуаныш па? 
Ондай сөзді ұмыттым,
Қайғырудан қолым тимей жүр менің.

Қара түнді дос қып алғам саялай,
Әлде менің бар таңдауым теріс пе,
Бар адамға шапағатын аямай,
Маған ғана мұң сыйлаған періште?!
 
Есет Төлеш
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1027 | Рейтинг: 0.0/0