Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Диолог
Мэлс Нарыков:
- "Япыр-ай кеттің бе, хабарсыз, кездеспей,
Қаларсың есімнен қалқам-ау бір өшпей.
Несіне кіналайым көкешім өзіңді,
Өзімде жоғалдым бір сәтте өң-түстей. 

Мен саған шертейін алғаусыз сырымды,
Амал не айтылар жыр еді бұл бұрын.
Мені сені сүйіп ем, сүйіп ем, тежедім сезімді,
Өкініш кеудемді осқылап, өзекті аяусыз өртейді.

Үй болдым, үйлендім, әке де атандым,
Бақытын тілеймін отбасы-отанның.
Бірақ та, жаным-ау, сен мені кешірші,
Кеудемді бір сезім тілгілеп тұр әлі."/ 

Алмагүл:
- Қайтесин ауыртып жанымды менің де
Қайталап қанша рет тағдырым сынаса
Сонша рет көндім де, 
өкпем жок өмірге.
Сен маған сыр болдың, жыр болдың жалғасқан...
Жанарым сені іздеп, жоғалтып адасқан.
Мен бүгін сырымды ақтармаймын, 
өлеңде жазбаймын.
Жыр жазсам, мұңыма тағы мұң жалғаймын.
Мәнісі өмірдің не екенін ұға алмай,
Өткенді кей-кездер саралап талдаймын.

Арманым асқақ ед, алаулап жанатын
Бүгінде екі қол түсірді қанатын.
Мен бүгін қиялда қалықтап ұшпаймын
әнімде өзгеше ендігі салатын.
Ертеңге қараймын болашақ көзімен
Сезімім өзімде... кетеді өзіммен.
Бір мақсат алдымда арманым сол енді
Оған да жетермін төзіммен!
Махаббат мен үшін жоқ енді!
Тамағым неге тек шөлдеді?!
Сағыныш сарғайтып қинайтын,
Көздерім өзіме көнбеді.....
Мэлс: 
- Сыртыңнан күлерсің сыңғырлап,
Көрініп мұң-зарсыз, уайымсыз.
Ашығын айтшы сен бүкпесіз,
құрбым-ау Сіз кімді сүйесіз...

...Жайым жок отырған,
Ауыртып жанынды. 
Біле алмай дал болам,
Қалқам-ау халіңді-жайыңды.

Қым-қуыт тірліктен,
Кеттің бе жалығып.
Даланың еркесі ең,
Жүрмісің жабығып.

Аңқылдақ, бауырмал, ақ жүрек,
Адамның барлығын өзіңдей көруші ең.
Соншама не болды сырласым,
Жасып-ақ қалыпсың тағдырдың тезінен.

Алмагүл: 
- Тәтті түсімде сен келіп ең,
Ояндым мен лезде тек.
Қол ұстасып, серт берісіп,
Біз шынымен бақытты ек.

Аттең таңмен көз алдымда,
Ғайып болды бәрі де!
Жүрегімнен серт алдың да,
Ұзап кеттің әріге.

Көңіл қалды сенсіз босап,
Жасым жатты төгіліп.
Содан бері жан дүнием,
Жүр ғой мұңға көміліп.

Қос жанарым жымыңдайды,
Сыңғырлайды күлкім де.
Шын күлгенім соңғы қашан,
Қалмапты ғой есімде.

Өмір сахна, біз белсенді әртістерміз ойнаған,
Ең үлкен сахынада өзімізді сомдаған!
 
Алмагүл Абдолла
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1823 | Рейтинг: 1.5/2