Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Айналып соқпа енді.
Ұмытсын дедің ғой,
Жүректі жылатып.
Сендегі сенімді ой,
Жігерді құлатып.

Тірлікте тынымсыз,
Қиналып өтермін.
Жанарың тым үнсіз,
Сүюмен кетермін.

Алыстап кеттің де,
Сағым боп жоғалдың.
Бақытты еттің де,
Бағымнан тоналдың.

Алдыңа бармаспын,
Тілегің ақталды.
Мен жалғыз қалмаспын,
Айналып соқпа енді, БАҚЫТСЫЗ ЖАН!!!
Әкім Арайлым
Білмедің ғой...
Ауыздағы тілім құрсау білесің,
Содан болар удай, ұлып тұр ішім.
Жүректегі тілім сөйлей бересің,
Ол ұқпайтын сенің үнің құрысын.

Көздерім де айта алмады сезімін,
Бет-әлпетім сездірмеді қызылын.
Іш күйсе де «білдірместің» өзімін,
Қайтем, намыс, арлы елдің қызымын.

Сөзім сұйық, даусым нәрсіз шыққанда,
Сен өзіңді жек көреді деп ұқтың.
Білмедің ғой «бөрі-намыс» бұққанда,
Дәл артында тұрғандығын еліктің...
 
Әкім Арайлым
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1604 | Рейтинг: 0.0/0