Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Терезеге қарадым тағы іздедім сені
Терезеге қарадым тағы іздедім сені,
Неше ай өтті екен сені көрмегелі.
Жанымды үгітіп, жаралап кеткенің бе,
Сенімге түсірме, сызат түккеніңде.

Арманым өзіңмен бір, тақ егіз,
Өзіңсіз тарылар менің тынысым.
Болмашы нәрсеге біздер күлеміз,
Осы өткен күндердің бәрі құрысын.

Менің де мінезім білмейсін аң тұрған,
Сенімнің ақ жібін үздіңбе сен жаным.
Қайналды менің қып қызыл әр қагым,
Айырылдымба баяғы сабырлы қалпымнан.

Дақ салдыңба, салмадыңба менің жаныма,
Мен сені баладым айдай сұлу бағыма.
Болсада мен үшін белгісіз бір себебі,
Сен емессің маған өміріме нақ керегі.

Бойжеттің де, болдың маған сырласымдай,
Ұшып кеттің менен қанат қақтырмай.
Құдайым менің шаттығым кем бе еді,
Сен талай өксіттің, бірақ өлмедім.
Маңдайымда тағдырдың көмегіне,
Бірақ махаббаттың шөлінен шөлдедім.

Қысқа ғұмырлы жансын, мүмкін елессін,
Біліп ал жаным, сен маған тең емессін.
Жалынып, құшақтап мені шақырсаңда,
Өлсемде, бәрібір артыңнан ермеспін
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1694 | Рейтинг: 0.0/0