Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Воскресенье, 15.09.2019

Бейтаныс жан.
Бейтаныс жан,журегімді жаулаған,
Өзіңсің ғой көңілімді аулаған.
Жан тәніңе,өн бойыңа ғашықпын,
Демеу болшы сезіміме лаулаған.

Махаббатка жас жанымды арбашы,
Сүймесен де суйемін деп алдашы.
Мені корсең назарыңды аудармай,
Сыр білдірмей,тек ундемей қалмашы.

Келбетті жан,бір өзіңе асыкпын,
Мінезіңе,әр сөзіңе ғашықпын.
Бет бейнеңді бір көруге шөлдеймін,
Әттеңін-ай,жақын емес қашықпын.

Әлі жүрмін өзіңізді іздеумен,
Қиял қуып,үмітімді үзбеумен.
Тун уйктамай келбетіңді еске алып,
Ең болмаса бір көруді коздеумен.

Қателік пеменің құлай суйгенім?
Махаббатың отынына куйгенім?
Қатылік саған арнап жыр жазып,
Өзің жайлы осындай ой туйгенім?

Жылы даусың пәк жанымды тербеткен,
Жарқын жузің журегімді кернеткен.
Жолыққанда маған қарай тіл қатпай,
Көзіңді алмай қарағаның сыр неткен.

Мұңлы сыр бар айдай тұнық көзіңде,
Жылы леб бар ыстық,терең сөзіңде.
Шындығың бар-сен де маған ғашықсың,
Білесің ғой мұны жаным өзің де!...

Айтшы жаным суйемін деп жасырмай,
Мойындашы сезіміңді жасымай.
Елемейсің,сезімімді көрмейсің,
Назар бөлші көңілімді қашырмай.

Өзіңсің ғой мұқтаж болған тынысым,
Махаббатым,қолымдағы ырысым.
Сен келмесең, оралмасаң өзіңсіз,
Мұңлы болар бұл дүние тылысым...!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1829 | Рейтинг: 3.5/2