Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

Махаббат мезгілдері
Махаббаттың қысы, күзі, жазы бар
Көктемі бар, жан тербеген сазы бар
Махаббат - ол сырқатыңа емші ғой
Ғашық болсаң барлық дертің жазылар.
Махаббаттың қысында сен тоңасың
Тек сезімді ойлауменен боласың
Не істеріңді біле алмай, қиналып
Басын қатып, қырдан қырға қонасың.
Ал күзінде жапырақтай қурайсың
Теңіздей боп, алып-ұшып тулайсың
Махаббаттың не екенін түсінбей
Тек оны сен өлеңіңде жырлайсың,
Келсе егер махаббаттың көктемі
Сен қырдағы қызғалдақтай жайнайсың
Ұмытып сен қыс мен күзгі өкпені
Жас балаша қуанасың, ойнайсың.
Махаббаттың келсең егер жазына
Бойыңдағы жойылады бар ыза
Күн нұрындай шуақ шашып жайнайсың
Махаббаттың тербетіле сазына,
Махаббатты мәңгі қорғап, сақтайық
Өйткені, ол - асыл мұра, қазына!!!
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1890 | Рейтинг: 2.0/1