Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 26.08.2019

НЕГЕ КЕТТІҢ?
Көздеріңнің нұрына бөлеп өттің,
Көрдім-дағы өзіңді елең еттім.
Өн-бойымды ғажайып шаттық кернеп,
Арасында қап қойдым кереметтің.

Бал сезімге сол сәтте ене кеттім,
Есіміңді ән еттім, өлең еттім.
Мені шексіз бақытқа бөлеп еді,
Өзіңменен бір жүрген кетемет күн.

Өзіңменен бір жүрген керемет күн,
Өтеді деп сезбеппін, елемеппін.
Саған ессіз ғашық боп қалғанымды,
Ұғынбастан, сезбестен неге кеттің?

Келіп еді өзіңе сыр ақтарғым,
Ақтара алмай, қайтейін, жырақ қалдым.
Сен жанымда жүргенде бақытты едім,
Сен кеткен соң еріксіз жылап қалдым.

Қоштасу ғой жанымды құса қылған,
Жүрегіме абайсыз пышақ ұрған.
Ақырғы рет қиылып «қош!» дедің де,
Суырылып кеттің-ау құшағымнан.

Неге кеттің қасымнан,
Неге кеттің,
Енді мені нұрына бөлемек кім?
Бірге жүрген өзіңмен, бірге күлген,
Қайда сол бір, шіркін-ай, керемет күн?..
 
Қуаныш Жазай
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1859 | Рейтинг: 5.0/1