Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Турецкие Стихи

Понедельник, 19.08.2019

Мені ізде!
Сен мені сағынсаң, іздейсін,
Таба аласыңба, өйткені білмейсін.
Іздеп қара мені шөл даладан,
Мен білемін, бармайсын шөлдейсін.

Мені ізде, ну орман қарағайдан,
Сол орманға мені іздеп келсең.
Мені ізде, атқылаған жанартаудан,
Жанартаудың лавасына күйем десең.

Мені ізде, адамдардың арасынан ,
Әрине, мен ол кезде тірі болсам.
Мені ізде, Каспий менен Балқаштанда,
Балық секілді, сен жүзгіш болсаң.

Мені ізде, сан сұрақ ойларыңнан,
Қиялдаумен бейнем еске түссе.
Мені ізде, жақсылардың арасынан,
Айтқанымa сенің ақылың жетсе.

Мені ізде, күндей нұр шуақтан ,
Ерінбей артымнан еремін десең.
Мені ізде, өлілердің арасынан ,
Мен үшін жан беріп өлемін десең.

Мені ізде, ауа жұтқан жерлеріңнен,
Мені ізде, тапалаған іздеріңнен.
Өйткені, сен біле жүрсең,
Мен әр жерде аяқ басып жүре берем.

Мені ізде, бірге болған аумақтан,
Шерте білсең , сол кездегі уақыттан.
Мені ізде, өзім жазған шумақтан,
Белгі қалса көк пасталы қаламнан.

Мені ізде, қазір жазған ой жырдан,
Мені ізде, жаныңменен сағынсаң.
Мені ізде,әрбір қиын жағдаймен,
Өйткені, шыға келем сенің жарқын көзіңнен.
Категория: Казахские стихи (Казакша олендер, акындар) (06.01.2014)
Просмотров: 1879 | Рейтинг: 0.0/0